Қазақстан еркін экономика тізімінде 42-ші орынға көтерілді

Қазақстан еркін экономика тізімінде 42-ші орынға көтерілді

Қазақстан еркін экономика тізімінде 42-ші орынға көтерілді
ашық дереккөзі
354
Халықаралық Heritage Foundation зерттеу институтының нұсқасы бойынша еркін экономика рейтингінде Қазақстан 42-ші орынға көтерілді, деп жазады Today.kz. 2016 жылмен салыстырғанда биыл 5,4 пункте көтерілді. «Қазақстан экономикасы соңғы он жылда ашықтықты қамтамасыз ете отырып үлкен жетістікке жетті. Мемлекеттің ірі кәсіпорындарға иелік еткені сақталғанына қарамастан, экономика негізінен жекенің қолында. Оған қоса қазір жекешелендіру науқаны жалғасып жатыр. Құрылымдық реформалардың арқасында сауда режимі жаңартылды», — делінген зерттеуде. 2016 жылы Қазақстан тізімнің 68-ші орнынан көрінген еді. Тізімнің көшбасшылары биыл Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария мен Австралия. Қырғызстан 89-шы орын, Белорусь 104, Ресей 114, Өзбекстан 148-ші орында.

Серіктес жаңалықтары