Дариға Назарбаева азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа тәсілін ұсынды

Дариға Назарбаева азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа тәсілін ұсынды

Дариға Назарбаева азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа тәсілін ұсынды
ашық дереккөзі
430
Парламент Сенатында Дариға Назарбаева бастаған Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесті, деп жазады Қазақпарат. Д.Назарбаева Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басым бағыттардың бірі агроөнеркәсіп кешенін дамыту екеніне кездесуге қатысушылардың назарын аударды. Азық-түлік қауіпсіздігінің индексіне сәйкес, (The Global Food Security Index) Қазақстан 2016 жылдың қорытындысы бойынша рейтингке қатысқан 113 елдің арасында 68 орынды (2015 жылы 109 елдің ішінде 56 орында болды) алған болатын. Ауыл-шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов елдің азық-түлікке сұранысын отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары туралы сенаторларды хабардар етті. Баяндамашы негізгі азық-түлік тауарларымен ішкі нарықты қамтамасыз ету жағдайы 80 пайызды құрайтынын атап өтті. Бұл ретте күріш, қой еті, жұмыртқа, астық, нан, арпамен 100 пайыз қамтамасыз етілуде. Ішкі нарықтағы ет те (құс етінен басқа) импортқа тәуелді емес. Сонымен бірге отандық өндірістің жекелеген өнімдері ішкі тұтыну барысында әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Ол — құс еті (51,8 пайыз), сары май (68,3 пайыз), ірімшік пен сүзбе (56,5 пайыз), күнбағыс майы (72,9 пайыз), колбаса өнімдері (58,7 пайыз), алма (58,0 пайыз), балық (65,5 пайыз). Сенаторлар С.Жақсыбеков, И.Адырбеков, Л.Киинов, М.Алтынбаев М.Көбенов, Г.Ким азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешені жұмысын жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын айтты. Депутаттар ауыл шаруашылығы несиелерін тиімді пайдалану, отандық өнімдерді, ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын қолдау, ауыл шаруашылығы саласын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Комитет төрағасы Д.Назарбаева азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алаңдаушылық білдірді және «азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін заңды түрде шектеу қажет» екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары