Павлодарда әкімдерге көшуге бір ай уақыт берілді

Павлодарда әкімдерге көшуге бір ай уақыт берілді

Павлодарда әкімдерге көшуге бір ай уақыт берілді
ашық дереккөзі
50438
Павлодар облысындағы кейбір ауылдық округ басшылары өздері басқаратын ауылдарда тұрмайды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байхановтың шаруалармен кездесуінде белгілі болды. «Абай» атындағы ЖШС басшысы Николай Миллердің айтуынша, Ертіс ауданы Голубовский ауылдық округінің әкімі ауылдың өзінде тұрмайды. Сондықтан ол тұрғындардың мәселесіне орай жедел әрекет ете алмайды екен. Шербақты ауданындағы Сосновка ауылында да осындай жағдай. Облыс әкімі аудан әкімдеріне мониторинг жүргізуді тапсырды. Байханов екі ауылдың әкіміне бір айдың ішінде көшуді тапсырды.
«Осы мәселені шешіңіздер. Көшу үшін бір ай уақыт беремін немесе қайтадан сайлау өткізетін боламыз. Әкімдер өз ауылында не болып жатқанын қалай біледі, телефон арқылы ма?», - дейді Асайын Байханов.
Естеріңізге сала кетейік, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуде су тапшылығы, жауын-шашынның аз болуы және соның салдарынан егіннің азаю қаупі мәселелері талқыланды. Отырыста павлодарлық фермерлерді қолдау шаралары әзірленді.

Серіктес жаңалықтары