Елімізде ұшаққа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жарияланды

Елімізде ұшаққа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жарияланды

Елімізде ұшаққа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
50477
Елімізде  ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында жарияланған тізімде бұрынғыдай жарылғыш заттың заряды мен жарылғыш құрылғыларға, оқ-дәрілердің барлық түріне, атыс қаруына, түйрегіш және кесетін қаруға, сондай-ақ басқа да қауіпті заттарға тыйым салынғаны көрсетілген. Бұдан басқа, тағы бір тармақ қосылды. Жаңа талап бойынша, багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар ескерілген. Соның ішінде батареямен жұмыс істейтін портативті электронды темекі құрылғылары: электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар бар.  

Серіктес жаңалықтары