Арман-тілегін жазған: Шара Жиенқұлованың қолжазбасы табылды (ВИДЕО)

Арман-тілегін жазған: Шара Жиенқұлованың қолжазбасы табылды (ВИДЕО)

Арман-тілегін жазған: Шара Жиенқұлованың қолжазбасы табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50315
Президент архив қорынан құнды тарихи құжат табылды. Бір ай бойы мемлекеттік мекемедегі құжаттарды зерттегендер ұлттық театрлардың жүріп өткен жолы туралы тың дерекпен танысты. Мұрағат қызметкерлері ұзақ мерзімді ізденіс барысында ұлттық би өнерін шыңға шығарған Шара Жиенқұлованың қолжазбасын тапты, деп хабарлады turkystan.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап. Бөлеген Қасенов Президент архивінде 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Маман қызметтік жолының басым бөлігін қазақ өнеріне арнаған. Бір айдан бері зерттеуші ұлттық театрлар мен би әлеміне бойалдырған. Архив қызметкерінің айтуынша, соңғы олжа – өткен ғасырда ұлттық өнердің жоғары деңгейде дамығанының дәлелі.
«Жұмысшылардың мәдени-тұрмыстық жағдайы әрдайым ескерілетін. Егер мәдени қызметкерлердің көңілі толмаса, жауаптылар олқылықтың орнын толтыратын. Партия, өнер бөлімі, қала басшылығы – бәрі өнер адамдарының жағдайын жақсартуға бар күшін салып келген», – деді ҚР Президенті архивінің ғылыми қызметкері Бөлеген Қасенов.
Бөлеген Қасеновтің айтуынша, тарихи құндылықтарды түгендеуде құнды олжаның бірі – Шара Жиенқұлованың қолжазбасы. Онда қазақ би өнері ханшайымының арман-тілегі, ойы мен үміті жазылған.
«Алғаш рет орыс би ансамблінің жетекшісі Моисеевтің хатын көрсетіп тұрмыз. Ол біздің Шара Жиенқұловаға жазған хатында оны ансамбльге шақырған. Моисеев ансамбліне түсу үшін талант болу керек! Сен түсінесің бе? Бұл – талант. Біз үшін бұл қағаз өте құнды», – деді Бөлеген Қасенов.
Бөлеген Қасенов Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының терең тарихын зерттеуді қолға алған. Архив қызметкері өнер ордасындағы әсем қойылымдардың артында жеңіс мен жеңіліс, арда тұлғалардың күресі мен еңбегі жатқанын атап өтті. https://www.youtube.com/watch?v=oK2DcgnO-DM&ab_channel=AlmatyTVNews

Серіктес жаңалықтары