Бүгін еліміздің 6 облысында ауа температурасы 40 градустан асады

Бүгін еліміздің 6 облысында ауа температурасы 40 градустан асады

Бүгін еліміздің 6 облысында ауа температурасы 40 градустан асады
ашық дереккөзі
50362
Қазгидромет 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі,  күндіз еліміздің солтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-39°С аптап ыстық, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында 38-41°С қатты ыстық сақталады. Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, орталығында 40-42°С өте қатты ыстық сақталады. Ақмола, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында және оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі  сақталады.        

Серіктес жаңалықтары