Тойыма келді: актрисаның ата-анасы 32 жылдан кейін кездесті

Тойыма келді: актрисаның ата-анасы 32 жылдан кейін кездесті

Тойыма келді: актрисаның ата-анасы 32 жылдан кейін кездесті
ашық дереккөзі
50314
Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова Instagram желісінде ата-анасы туралы оқиғасымен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, 6 жасқа толғанда ата-анасы екі жаққа кеткен. Содан бері әкесімен араласпаған. Психологпен жұмыс істеген соң, үш жыл бұрын әкесіне хабарласып, қауышқанын айтады. Ал ата-анасы алғаш рет жақында ғана өткен тойында кездескен екен.
«Мен әкеммен 6 жасымнан бері араласпай келдім. Бірақ үнемі ата-анам тойымда болса екен деп армандайтынмын. 3 жыл бұрын мен әкеммен өзім танысқым келді. Сол кезден бері араласуды бастадық. Бүгін, міне, 32 жылдан кейін ата-анам тойым болған күні қайта қауышты. Мен өте қуаныштымын. Армандар орындалады екен», - деді актриса.
Оқырмандары оны қолдап, жылы лебізін білдірді. «Дұрыс қадам жасадыңыз, жарайсыз», «Әкеңізге реніш ұстамағаныңыз – дұрыс шешім», «Сенің бұл қадамың көптеген баланың көзқарасын түбегейлі өзгертеді» деп жазды желі қолданушылары.  

Серіктес жаңалықтары