Жетісуда дүбірлі айтыс өтті

Жетісуда дүбірлі айтыс өтті

Жетісуда дүбірлі айтыс өтті
ашық дереккөзі
878

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Мәңгілік ел» тақырыбымен өткен облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырған айтыста ақындар Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойларының тағылымын жырмен танытып, тәуелсіз еліміздің жетістіктерін паш етіп, әлеуметтік жағдайын тілге тиек етті. Сөз сайысының Бас жүлдесін талдықорғандық Жанар Төлеу иеленіп, оған 250 мың теңге ақшалай сыйлық берілді. 1-орын да талдықорғандық ақынға бұйырып, Аягөз Серікқызы жүлде тұғырына көтерілді. Екі 2-орын Ескелді ауданынын келген Алғысбек Дәурен мен талғарлық Арзыгүл Қайыңбек, екі үшінші орын Ескелді ауданының ақыны Бауыржан Мақсат пен ақсулық ақын Қанат Боқанға берілді. Жүлдегерлердің барлығы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Сүйінбай атындағы арнайы жүлде Жанатбек Айдарәліге, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы арнайы жүлде Елдос Әкімбекке, Жамбыл атындағы арнайы жүлде Дархан Серікке, Сара Тастанбекқызы атындағы арнайы жүлде Аяулым Жұмабекқызына, белсене қатысқаны үшін Фатих Ақынұлы мен Бүркітқазы Әділбекке ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары