Қазақстанның қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі тіркеледі?

Қазақстанның қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі тіркеледі?

Қазақстанның қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі тіркеледі?
ашық дереккөзі
50498
Биыл қаңтар-маусымда Қазақстанда 461 отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылық жасалған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1 іске (немесе 0,2%) көп, деп хабарлады turkystan.kz. Ranking.kz сайтының мәліметінше, 3 жылдағы динамиканы алып қарасақ, мұндай құқықбұзушылықтардың 8,2% азайғаны байқалады.
«Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Павлодар облысында тіркелді: 45 іс - бір жыл бұрынғыдан 2,2% аз. Қостанай облысы екінші орында: 42 іс, бір жылда 5% көбейген. Одан кейін Алматы облысы тұр: 39 іс, бір жыл бұрынғы 56 іс болған, 30,4% азайған. Отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылық ең көп бес өңірге, сонымен қатар, Қарағанды ​​облысы мен Астана да кірді: тиісінше 37 және 33 іс», - делінген хабарламада.
Құқықбұзушылықтардың ең азы Маңғыстау (10 іс), Атырау және Ақтөбе облыстарында (әр облыста 11 істен) тіркелді.
«Бірінші жартыжылдықта барлық отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылықтардың үштен бірінен астамы немесе 37,1%-ы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге тиесілі: 171 іс — бір жыл бұрынғыдан 12,3% аз. Сондай-ақ елеулі үлесті денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру иеленді: 157 іс, бір жылда 6,8% көбейген», - делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары