Екібастұзда жүкті әйел күйеуін пышақтап тастаған

Екібастұзда жүкті әйел күйеуін пышақтап тастаған

Екібастұзда жүкті әйел күйеуін пышақтап тастаған
ашық дереккөзі
50420
Екібастұз қаласының 31 жастағы тұрғыны өзін-өзі қорғау үшін күйеуін өлтірген, деп хабарлады turkystan.kz. Massaget.kz сайтының мәліметінше, жүкті әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтып, өзін және құрсағындағы баласының өмірінен қорқып, күйеуін пышақтап тастаған. Оның айтуынша, бірнеше ай бойы күйеуінің қатыгездігі мен қорлығына төзіп, тұрмысы түзеледі деп үміттенген.
«Осы жылдың мамыр айында кезекті ұрып-соғу кезінде күйеуім маған пышақпен шабуыл жасады. Мен өмірім үшін және құрсағымдағы балам үшін қорқып, пышақты алып алдым да, мен одан қашуға тырыстым, бірақ ол қайтадан шабуыл жасады. Қорыққанымнан пышақпен соққы жасадым. Соның салдарынан адам өліміне әкеліп соқтырды. Өкінішке қарай, күйеуім қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде мен жүктіліктің 23 аптасында болдым. Отбасылық өмірде жиі физикалық  және моральдық қорлықтарға ұшырап келдім. Заңды жұбайым зорлық-зомбылық көрсететін. Мен бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгіндім, бірақ күйеуім әрқашан жазасыз қалатын. Қайтып келгенде, күйеуім өзін ашулы ұстады», - деді әйел.
Әйелдің айтуынша, декретке шыққанға дейін жергілікті емханада тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Ол күйеуімен қарым-қатынасы жақсарады деген үмітпен төрт ай бірге тұрған.
«Қазір мен жүктіліктің 35-аптасындамын. Үйқамақта отырмын және маған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «басқа адамды қасақана өлтіру» бойынша іс қозғалды. Адвокат бірнеше рет прокуратураға рұқсат етілген өзін-өзі қорғауды асыра пайдалану үшін істі қайта қарау туралы өтініш жіберді. Бірақ олар қабылдамады. Менің іс-әрекеттерім қасақана болмағаны туралы дәлелдер бар», - деді әйел.
Күдікті өз өтінішіне оқиға орнынан күйеуімен жанжалдасып қалған сәті түсірілген видеоны көрсеткен, кадрларда ер адамның әйелді ұрып жатқанын көруге болады.
«Шыдап тұрмаңыз, уақытында кетіңіз, өйткені бұл өмірде ешкім сақтандырылмаған. Қазір мен үшін өте қиын, болған оқиғаға қатты өкінемін», - деді әйел.
Павлодар облысының Полиция департаментінің мәліметінше, Екібастұз қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотта қарауға дайындалып жатыр. Екібастұз қаласының тұрғыны көмек сұраған Дағдарыс орталықтары одағының қауымдастығы оған қолдау көрсетуге дайын.  

Серіктес жаңалықтары