Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50226
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында орналасқан Циалковский көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері 100 ш. м. алаң құлап, 60 ш.м. алаңда автомобиль сұйықтықтарды жинақтауға арналған жақын орналасқан сарай, Газель және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары (антифриз, тосол) толығымен өртенгендігін анықтады.
«Өрт 05:18-де оқшауланып, 06:18-де сөндірілді. Өрттен 1953 жылы туған және 1985 жылы туған  ер азаматтардың мәйіті табылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды.  

Серіктес жаңалықтары