Алматы облысында танысы медбикені атып кетті

Алматы облысында танысы медбикені атып кетті

Алматы облысында танысы медбикені атып кетті
ашық дереккөзі
50370
Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен. Кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.
«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан.
Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.  

Серіктес жаңалықтары