Жанболат Мамайды қорғау комитеті құрылды

Жанболат Мамайды қорғау комитеті құрылды

Жанболат Мамайды қорғау комитеті құрылды
ашық дереккөзі
321
Алматыда белсенді топ "қаржы жымқыру" ісі бойынша қамауға алынған журналист Жанболат Мамайды қорғау тобы құрылды. Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро кеңсесінде комитеттің құрылғаны жөнінде Rezonans.kz сайты хабарлайды.
Комитет құрамына ондаған қазақстандық белсенділер, құқық қорғаушылар және журналистер кірген. Олардың ішінде "Саяси қалам. Трибуна" газетінің бас редактор орынбасары Инга Иманбай, танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтис және Адам құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Розлана Таукина бар. Қазіргі уақытта Мамайды қорғауға арналған мәлімдеме әзірленіп жатыр. "Саяси қалам. Трибуна" газетінің бас редактор міндетін атқарушы Жанболат Мамай 10 ақпанда ұсталды. Мамай сот кезінде өзіне тағылған айыптардың "саяси астары" бар деп мәлімдеді. Журналистің адвокаты Жанар Балғабаева Мамайды екі айға қамау жөніндегі сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым бергенін айтты. 11 ақпанда Алматы қаласы, Медеу аудандық соты Жанболат Мамайды тергеу ісіне байланысты 10 сәуірге дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. "Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ), Freedom House, "Шекарасыз репортерлер" (RSF) халықаралық ұйымдары биліктен Жанболат Мамайды босатуға шақырды. RSF мәлімдемесінде Қазақстан билігі тәуелсіз БАҚ-тың соңына түсуді тыймай келеді деген.

Серіктес жаңалықтары