Бүгін елордада «Астана» мен «Лудогорец» арасындағы ойын өтеді

Бүгін елордада «Астана» мен «Лудогорец» арасындағы ойын өтеді

Бүгін елордада «Астана» мен «Лудогорец» арасындағы ойын өтеді
ашық дереккөзі
50280
Бүгін Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» өз алаңында болгариялық «Лудогорецпен» кездеседі, деп хабарлады turkystan.kz. Қос команда арасындағы алғашқы ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады. «Астана» бұған дейін чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Динамо Загребтен» жеңіліп қалған болатын. «Лудогорец» командасы да словениялық «Олимпия Люблянаға» есе жіберіп, Еуропа лигасының үшінші кезеңіне түскен. Елордада өтетін спорттық бәсекені «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, егер «Астана» екі матч қорытындысы бойынша «Лудогорецті» жеңсе, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде нидерландтық «Аякспен» кездеседі. Бұл матчтар 24 және 31 тамызда өтеді. Ал егер Григорий Бабаян шәкірттері жеңіліп қалса, конференция лигасының плэй-офф кезеңіне өтеді, онда «Валмиера» (Латвия) – «Партизани» (Албания) матчының жеңімпазымен күш сынасады.

Серіктес жаңалықтары