Жұлдыз жорамал: 9 тамыз күні сізді не күтіп тұр?

Жұлдыз жорамал: 9 тамыз күні сізді не күтіп тұр?

Жұлдыз жорамал: 9 тамыз күні сізді не күтіп тұр?
ашық дереккөзі
51189

Тоқты

Тоқтылардың бүгін жолы болады. Берген тапсырманы мінсіз орындап, достарыңызға көмектесесіз. Көптен бері ойға алған жоспарыңызды жүзеге асыруға сәтті күн. Эксперимент жасаудан қорықпаңыз.

Торпақ

Қиындықты күле отырып қабылдауға қауқарыңыз жетеді. Өмірде қуаныш пен қайғы алмасып келетінін ұмытпаңыз.

Шаян

Бүгін барынша сабырлық сақтаңыз. Күннің екінші жартысында сізді тосын сый күтіп тұр. Ол сізге тек ұнап қана қоймай, бүкіл проблемаларыңыздың шешімі болмақ.

Егіздер

Беделіңіз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектенуіңіз керек. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек еңбек жеңетінін ұмытпаңыз.

Арыстан

Жұмысқа бар күш-жігеріңізді салып, берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз. Жаңа бастамалар мен ұсыныстарға басқа көзқараспен қарап тың ойларыңызды ортаға салудан тартыңбаңыз.

Бикеш

Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысып, келіссөздерді жоғары деңгейде өткізесіз. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табылады.

Таразы

Барлық ісіңізде пысық болыңыз. Көп шашыла бермеңіз. Ақшаға келгенде қаттырақ болған абзал. Сүйгеніңізге көп көңіл бөліңіз, қолдау көрсетіңіз.

Сарышаян

Сүйгеніңізбен біргесіз. Екеуіңіз бір-біріңізді қуантудан шаршамайсыздар. Бұл - сіздің өмірлік принциптеріңіздің бірі. Осы жолдан тайынбаңыз. 

Мерген

Күніңіз жақсы басталады. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Осы күніңізді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ оларды кейін тез ұмытатын боласыз. Еш мұңаймаңыз.

Тауешкі

Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыңызды қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Кешті жанұяңызға арнап, жақындарыңыздың жанында болыңыз.

Суқұйғыш

Болмас нəрсеге жақындарыңызға қапаланбаңыз. Ақшаны көрінген нəрсеге құртпаңыз.

Балықтар

Балықтардың бүгінгі көңіл-күйі: өткенге ешқашан оралмайды. Әр минут бағалы екенін түсінеді.

Серіктес жаңалықтары