Павлодар облысында өрттен 2 жасар сәби көз жұмды

Павлодар облысында өрттен 2 жасар сәби көз жұмды

Павлодар облысында өрттен 2 жасар сәби көз жұмды
ашық дереккөзі
50254
Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да  Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жекеменшік үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді.
«Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті. Ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Ал 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасы сегізінші баланы күтуде», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрттің 80 шаршы метр  аумақты шарпығаны анықталды. Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары