Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
ашық дереккөзі
50330
Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz. 15 шілдеде басталған жөндеу жұмысы кезінде 11:00-18:00 аралығында ұшу-қону жолағы жабылған еді. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуына орай ұшу-қону жолағы штаттық режимде қолданысқа берілді.
«Жөндеу кезінде ұшу-қону жолағына 6000 шаршы метр ыстық асфальт төселіп, 9000 шаршы метр перрон аумағы жаңарды. Ұшу-қону жолағындағы жол белгілері толық боялды. Жөндеу кезінде ұшу-қону жолағындағы шамдар да жөндеуден өтіп, кейбірі ауыстырылды. Мәселен, ұшу кезіндегі жарықтандыру қызметі 1000 метрден астам кабельді жаңартты. Ұшу-қону жолағының жөндеу жұмысына 30 қызметкер жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары