Арыста 4 адамды атып кеткен күдікті ұсталды

Арыста 4 адамды атып кеткен күдікті ұсталды

Арыста 4 адамды атып кеткен күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
50498
ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 5 тамызда белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша СДТБТ-ға тіркелген.
«Жедел уәкілдер арнайы іс-шаралар нәтижесінде Арыс қаласының тұрғындарын, яғни үш күдіктінің жеке басын анықтады. Бүгінде олардың екеуі ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір үшінші күдіктіні ұстауға бағытталған барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бұған дейін Түркістан облысында атыс кезінде адам өлтіргендер әлі іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары