50357
Жоғалған әйелдің денесі ШҚО-да өзен жағасынан табылды
Жоғалған әйелдің денесі ШҚО-да өзен жағасынан табылды
Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі өзен жағасынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні Шемонаиха қаласында 52 жастағы әйелдің жоғалып кеткені жайлы хабар түсті.
Ол таңғы сағат 7.17-де Калинина көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейбіреулер полицияға оның Үбе өзеніне қарай бара жатқанын көргенін жеткізді.
«Сол күні әйел адамның мәйіті Үбе өзенінің жағасынан табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді», - делінген ақпаратта.