«Анам пышақпен қорқытады»: Алматы облысында анасы балаларына қатыгездік жасаған

«Анам пышақпен қорқытады»: Алматы облысында анасы балаларына қатыгездік жасаған

«Анам пышақпен қорқытады»: Алматы облысында анасы балаларына қатыгездік жасаған
ашық дереккөзі
50256
Алматы облысы Покровка ауылының тұрғындары кішкентай балаларға қатыгездік көрсету туралы полицияға шағымданды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Балалардың айтуынша, анасы оларды күніне бірнеше рет мас күйінде ұрады. Ұл мен қыз денесіндегі көгерген жерлері мен құлақ тұсындағы жараларын көрсетті. Ал балалардың үлкені үйден қашып кеткісі келетінін айтты.
«Ол мені күн сайын кішкентай қарындасыма қарамадың деп ұрады. Мен әкеммен бірге ауылға барғым келеді, анам мені пышақпен қорқытады», – дейді бала.
Бұл оқиғаға Іле ауданының білім бөлімі жауап берді. Олардың айтуынша, әйел табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Оны Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартты. Балаларды алып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберді», – делінген білім бөлімінің хабарламасында.
Қазір әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары