Түркияда бір минутта екі рет жер сілкінді

Түркияда бір минутта екі рет жер сілкінді

Түркияда бір минутта екі рет жер сілкінді
ашық дереккөзі
50448
Түркияның Малатия аймағында бірінен соң бірі екі жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару министрлігінің (AFAD) сайтындағы ақпаратқа қарағанда, Малатияның Йешилюрт ауданында бүгін, 12 тамыз сағат 16.39-да 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпуі болған тереңдік - 6,35 шақырым. Алғашқы дүмпуден кейін шамамен бір минут өткенде Йешилюрт ауданында жер сілкінісі тағы қайталанды. Бұл жолғы қуаты - 4,5 балл. Екінші зілзала 7 шақырымдай тереңде болған. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, жер сілкіне сала кей тұрғындар үйінен және жұмыс ғимаратынан көшеге шыққан. Олар әлі де ашық алаңда апаттың ақырын күтіп отыр. Жер сілкінісі Малатиямен көршілес Адыяман, Шанлыурфа, Газиантеп және Кахраманмараш сияқты провинцияларда да сезілген. Губернатор Хулуси Шахин жағдайды түсіндіріп, ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.
«Ешқандай келеңсіз жағдай болған жоқ. Ғимараттар құламады. Тек қатты қорыққанын айтып шағымданған бірді-екілі адам болды. Қазіргі уақытта далада тексеру жалғасып жатыр. Әзірге жаман хабар жоқ. Артын күтеміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары