«Самұрық-Қазына» Қостанай облысына спорт кешенін салып берді

«Самұрық-Қазына» Қостанай облысына спорт кешенін салып берді

«Самұрық-Қазына» Қостанай облысына спорт кешенін салып берді
ашық дереккөзі
50315
Компаниялар тобының қолдауымен жаңа Дене шынықтыру-сауықтыру кешені Әулиекөл ауданы, Аманқарағай ауылында ашылды, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ауқымды кешеннің ашылу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, Қор басшысы Әулиекөл орталық аудандық ауруханасына реанимобиль кілтін тапсыра отырып, Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы – "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы әрі қарай да еліміздің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау салаларына ерекше назар аударыла беретінін атап өтті.
"Бәріміздің есімізде, бір жыл бұрын осы Әулиекөл ауданында алапат өрт болып, сын сағатта барша қазақстандықтар қостанайлықтарды жалғыз қалдырмай, жабыла көмектесуге кірісті. Соның ішінде біздің Қор да өрттен зардап шеккен отандастарымызбен қиындықта бірге болуға, дереу қолұшын созуға шешім қабылдады. Осылайша келтірілген залалдың көлемі анықталғаннан кейін, өрт салдарын жою мақсатында сол уақытта бірден тиісті еңселі спорт нысанының құрылысы басталып, бүгінде ол қолданысқа беріліп отыр", - деді Нұрлан Жақыпов.
Құны 734 миллион 480 мың теңгеден астам Дене шынықтыру-сауықтыру кешені волейбол мен баскетболдан, бадминтон мен үстел теннисінен және күрестен жарыстар мен оқу-жаттығу шараларын өткізуге арналған. Аумағы 1 мың шаршы метрден асатын, 2 қабаттан тұратын жабық бөлігінде 100 көрермен орны, спорт құрал-жабдығын сақтайтын орын, жаттықтырушылар мен күзет, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері, сапалы еден жабыны қарастырылған. Оқыс жағдайда қауіпсіз жерге көшіру жүйесі бар. Медициналық қосын, персонал жайлары, жаттығу залы қамтамасыз етілген. Арнайы "С" сыныпты жедел медициналық жәрдем көлігі Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 30 қарашасындағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы аясындағы қажетті талаптар бойынша жабдықталған, науқастар өмірін ауруханаға жеткізгенше құтқарып қалуға арналған.

Серіктес жаңалықтары