Ким Чен Ын соғысқа дайындықты күшейтуге шақырды

Ким Чен Ын соғысқа дайындықты күшейтуге шақырды

Ким Чен Ын соғысқа дайындықты күшейтуге шақырды
ашық дереккөзі
50377
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ықтимал соғысқа дайындықты күшейтуге шақырды. Бұл мәлімдеме Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығулар өткізу жоспары аясында айтылды, деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» порталына сілтеме жасап. Ол Орталық әскери комиссиясының кеңейтілген отырысында қару-жарақ өндірісін арттырып, әскери жаттығуларды кеңейтудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ КХДР басшысы белгісіз себептермен жоғары әскери генерал, Бас штаб бастығы Пак Су Илді қызметінен босатып, оның орнына Қорғаныс министрі қызметін атқарған, генерал Ри Ён Гилді тағайындады. Кореяның орталық ақпарат агенттігінің жазуынша, Ким Чен Ын Корей түбегі мен оның төңірегіндегі қазіргі жағдайды терең талдаған.
«Бұдан бөлек, Корей халық армиясының шабуылдау түріндегі әскери дайындығын одан әрі арттыру туралы маңызды қорытынды жасады», - деді жергілікті басылым.

Серіктес жаңалықтары