50321
Оралда жоғалып кеткен қыз 4 күннен соң табылды
Оралда жоғалып кеткен қыз 4 күннен соң табылды
Оралда жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
17 жастағы Адель Сансызбаева 8 тамызда үйінен шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген. Полицейлер қызды бірден іздестірді.
Төрт күннен кейін Адель Сансызбаева аман-есен табылды. Бұл туралы қыздың анасы Айгүл хабарлаған. Осы күндері Адельдің қайда болғанын және оның үйден не себепті кеткенін полиция да, қыздың туыстары да хабарлаған жоқ.
Бұған дейін анасы Айгүл Сансызбаеваның айтуынша, қызы бұрын-соңды бұлай кетпеген және қайда екенін үнемі ескертіп отырған. Адельдің денсаулығында да ешқандай проблема болмаған.