50325
Маңғыстаулық мұнайшылар тағы наразылыққа шықты (ВИДЕО)
Маңғыстаулық мұнайшылар тағы наразылыққа шықты (ВИДЕО)
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы «Доңға» кен орнында жұмыс істейтін TOTAL E&P Dunga компаниясының 20-ға жуық жұмысшысы видеохабарлама жазды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Жұмысшылар компания тікелей келісімшарт жасаған қызметкерлерді қысқартып жатқанын жеткізді. Мұнайшылардың айтуынша, қазірдің өзінде 10 адам қысқарту туралы хабарлама алған. Жұмысшылар компания басшылығы өздерін мердігер ұйымға ауыстыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.
"Жаңа жерде жұмыс болатынына кепілдік жоқ болғандықтан осында қалғымыз келеді. Жиналыс өткізіп, қысқарту себебін көрсету керек. Әйтпесе жұмысшылардың құқығы бұзылды деген сөз", - дейді мұнайшылар.Олар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Премьер-министр Әлихан Смайыловтан, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтан және облыс прокуроры Руфат Құттықовтан көмек сұрады. https://youtu.be/wB_q3rHUszY