Дүйсенбіде бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Дүйсенбіде бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Дүйсенбіде бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
50326
Синоптиктер 14 тамызда елдің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, бұршақ және қар аралас жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлады turkystan.kz. Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі. 14 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жетісу облысының таулы аудандарында толассыз жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақмола облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус аптап ыстық болады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақытта толассыз жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар. Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары