376
БЖЗҚ салымшыларының 78%-ның жинағы 1 млн теңгеге жетпейді
БЖЗҚ салымшыларының 78%-ның жинағы 1 млн теңгеге жетпейді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының 78 пайызының зейнетақы жинағы 1 млн теңгеге жетпейді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қор мәліметінше, салымшылардың 21 пайызының жинағы 1-5 млн теңге аралығында. тек 1 пайызының ғана жинағы 5 млн теңгеден көп. «2016 жылғы белсенді салымшылардың саны 5,8 млн адамды құрады. Бұл жеке зейнетақы есепшоттарының 68 пайызы», деп жазады баспасөз қызметі.
Белсенді салымшылар дегеніміз, бір жыл ішінде 12 ай бойы зейнетақы аударымын жасаған салымшылар.
Ерлердің орташа жинағы 827,7 мың теңге болса, әйелдерде бұл көрсеткіш 623,8 мың теңге.