Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
50234
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді. Жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.

Серіктес жаңалықтары