«Халықпен бірге!»: жастарды жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр?

«Халықпен бірге!»: жастарды жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр?

«Халықпен бірге!»: жастарды жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр?
ашық дереккөзі
50404
«AMANAT» партиясының 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы бекітілді. Ол азаматтардың әл-ауқаты мен ішкі өндірісті арттыруға бағытталған 10 міндет бойынша 205 іс-шарадан тұрады. Бүгінгі күнге дейін 25-і жүзеге асырылды. Партия атқаратын он міндеттің ішіндегі бірінші бағыт әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша 442,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 207,5 мыңы – жастар. 1) Ұлттық жобалар шеңберінде 164,1 мың (оның ішінде 139,9 мыңы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған), оның ішінде – 60,6 мың жастар; 2) Бос жұмыс орындарына 124,5 мың («Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жұмыс берушілер ұсынған), оның ішінде – 54,8 мың жастар; 3) Мемлекет басшысының бастамасы аясында 153,6 мың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» (жеке бастамалар), оның ішінде – 92,1 мың жастар. Жалпы, 292,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналасса,  150 мың адам уақытша жұмыспен қамтылған.

Серіктес жаңалықтары