Автобус жүргізушісіне шабуылдаған қазақстандық әйелге қатысты тың дерек шықты

Автобус жүргізушісіне шабуылдаған қазақстандық әйелге қатысты тың дерек шықты

Автобус жүргізушісіне шабуылдаған қазақстандық әйелге қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
50259
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен тап берген қазақстандық әйелге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған болатын.
«Жақында Сеулден біздің азаматымыз жергілікті тұрғынға шабуыл жасады деген ақпарат алдық. Мәселенің мән-жайын анықтадық. Ол әйелдің ұлты кәріс, күйеуі екеуі Кореяда ұзақ жылдар бойы тұрып келеді. Оған этникалық виза берген және бизнеспен айналысқан. 2020 жылдан бері арнайы ауруханада стационарлық ем алып келген. Оқиға болғанда да дәрілік препарат ықпалында болуы мүмкін», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.
Ресми өкілдің айтуынша, жақында Қазақстан консулы әйелдің жағдайын білуге барады. Мәселе толық бақылауға алынды.

Серіктес жаңалықтары