Сирия мәселесі: тараптар Конституция әзірлеуге қарсы емес

Сирия мәселесі: тараптар Конституция әзірлеуге қарсы емес

Сирия мәселесі: тараптар Конституция әзірлеуге қарсы емес
ашық дереккөзі
233
Сирия мәселесін реттеу келіссөздеріне қатысушы тараптар Конституция әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруға қарсы болмады. Бұл туралы Астана келіссөздерінің қорытындысында өткен баспасөз мәслихатында РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лавреньев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тараптардың ешқайсысы да Конституция әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру немесе конституциялық реформаны іске қосу қажеттілігі туралы ұсынысқа қарсы болған жоқ», - деді Лавреньтев. Сонымен қатар ол Ресей, Түркия және Иран консультациялары соғыс қимылдарын тоқтату режімін мониторингілеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобы туралы нақты ережені бекітуге әзірлеуге мүмкіндік бергенін баса айтты. «Бұл процесске қатысуды ойланып отырған өзге де оппозициялық топтар үшін өте жақсы белгі. Олар сирияаралық диалог барысында ымыра шешім іздеуге қатысуға келісімдерін береді деп үміттенеміз», - деп атап өтті ол.  

Серіктес жаңалықтары