Талдықорғанда мәйітхана қызметкерлерінің әрекеті жұртты шошытты (видео)

Талдықорғанда мәйітхана қызметкерлерінің әрекеті жұртты шошытты (видео)

Талдықорғанда мәйітхана қызметкерлерінің әрекеті жұртты шошытты (видео)
ашық дереккөзі
50414
Жетісу облысында қаза тапқан адамдарды жерлеуге апара жатқан мәйітхана қызметкерлерінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде тараған видеодан мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады. Алайда жаймамен оралған мәйіттерді ер адамдар көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған.
«Бұл не масқара? Сұмдық. Ол қайтыс болса да адам ғой, қарап тұрсаң, бір картопты көлікке тиеп жатқандай көрінеді. Бұл не деген бассыздық?» - дейді желі қолданушылары.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі мәйітхананың басшылығына хабарласып көрген болатын. Жұмыс күні болғанына қарамастан жерлеу мекемесінің қызметкерлері байланысқа шықпаған.

Серіктес жаңалықтары