Гүл ұрлығы: бұзақының қасында жүрген басқарма басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды

Гүл ұрлығы: бұзақының қасында жүрген басқарма басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды

Гүл ұрлығы: бұзақының қасында жүрген басқарма басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды
ашық дереккөзі
50266
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік Кірістер басқармасы басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды, деп хабарлады turkystan.kz. Гүл дүкенінде сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты. Әлеуметтік желіде тараған видеодан мемлекеттік қызметкердің құқық бұзушының қасында бірге жүргенін көруге болады.
«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Д.Елқондыға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану мақсатында материалдар Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментінің басшысына жолданды. Нәтижесінде департамент басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Д.Елқондыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», - делінген Шымкент қаласы бойынша мемкірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Шымкенттегі Romantic гүл дүкенінде болған екі оқиға қоғамда резонанс тудырғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары