Саматәлі Төлтаев ағзасына допинг қалай түскенін айтты

Саматәлі Төлтаев ағзасына допинг қалай түскенін айтты

Саматәлі Төлтаев ағзасына допинг қалай түскенін айтты
ашық дереккөзі
50322
60 келі салмақта ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, боксшы Саматәлі Төлтаев допингпен ұсталуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.
«Ақпанда, Ташкенттегі әлем чемпионатына дайындық алдында допингке тест тапсырдық. Оның нәтижесі наурыздың ортасына қарай шықты. Міне, сол кезде менің допинг-тестім оң нәтиже берді. Араға екі апта салып маған құрамадан кетуім керектігі жайлы хабарлады. Сол сәтте бәрі осымен бітті ме деп ойладым. Сонда бокстағы карьерам аяқталды ма дедім», - деп өкінішін білдірді боксшы.
Боксшының айтуынша, сыни сәтте ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен өзге боксшылар қолдау көрсеткен. Сонымен қатар былғары қолғап шебері карьерасына «тұсау» салған препараттың ағзасына қалай түскені жайлы да айтып берді.
«Демалыс уақыты болатын. Терімде проблемалар болды. Ұлттық құраманың дәрігеріне хабарласып, не істеуге болатынын сұрадым. Ол кісі мырыш ішуге кеңес берді. Үйден құрамында мырышы бар дәруменнің қорабын тауып алып, екі аптадай соны ішіп жүрдім. Сосын оқу-жаттығу жиындарына кеттік. Үйге оралғанда ағамнан «әлгі мырыштың қайда екенін сұрап едім, ол «бұл мырыш емес, ішінде басқа дәрі» деді. Бұл жерде дәрігерді кінәлайтындай емес. Кінә менде. Білместік қой», - деді Саматәлі.
2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан чемпионы (60 кг) Саматәлі Төлтаев допингпен ұсталғаны туралы бас бапкер де пікір білдірген еді.  

Серіктес жаңалықтары