Кімдерге кофе ішуге болмайды

Кімдерге кофе ішуге болмайды

Кімдерге кофе ішуге болмайды
ашық дереккөзі
50684
Гастроэнтеролог-диетолог Нурия Дианова күніне қанша шыныаяқ кофе ішуге болатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Маман NEWS.ru сайтына берген сұхбатында күніне екі шыныаяқтан артық ішпеген дұрыс екенін жеткізді. Өйткені кофенің көп мөлшері жүрекке кері әсер етеді.
«Көптеген зерттеу кофені шынымен де белгілі бір мөлшерде тұтыну керек екенін көрсетеді. Сіз күніне екі шыныаяқтан артық емес кофе ішуіңіз керек және қатарынан ішпеу қажет. Мысалы, таңертең және шамамен сағат 16:00-17:00-де.  Десе де, кофе өңеш пен асқазанға теріс әсер етіп, тұз қышқылының шамадан тыс бөлінуіне әкеледі», - деді диетолог.
Сондықтан асқазан жарасы, цирроз, панкреатит немесе аритмия диагнозы бар адамдар бұл сусынды ішуден толық бас тартуы керек, деп түйіндеді Дианова. Жаңалықты дәрігердің рецептімен салыстыруға болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Серіктес жаңалықтары