Алматы облысында 2 жігіт банкоматты тонап, 12,8 млн теңгені алып кеткен

Алматы облысында 2 жігіт банкоматты тонап, 12,8 млн теңгені алып кеткен

Алматы облысында 2 жігіт банкоматты тонап, 12,8 млн теңгені алып кеткен
ашық дереккөзі
50228
Алматы облысының полицейлері банкоматты ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының ПБ 1988 жылғы А. есімді азаматша хабарласқан. Ол сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.
«ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туған Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Азаматтар УҰИ-ға қамаққа алынды. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары