50412
Биыл мектепке баратын балалардың 70%-ға жуығы қазақ тілінде оқиды
Биыл мектепке баратын балалардың 70%-ға жуығы қазақ тілінде оқиды
2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады. Оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда.
«Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар, әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды», - делінген хабарламада.Еске сала кетсек, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.