Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

Қазақстанда қанша көлік тіркелген?
ашық дереккөзі
50679
2023 жылғы маусымда 180,1 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе артық және соңғы бір жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 951,9 мың бірлікті құрады.
«Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 47,3%. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер саны 8% өсті, 1 910,2 мыңнан 2 056,1 мың бірлікке дейін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары