Жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің орта жасы 45-те – Ерлан Қарин

Жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің орта жасы 45-те – Ерлан Қарин

Жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің орта жасы 45-те – Ерлан Қарин
ашық дереккөзі
50245
2023 жылдың соңына дейін 199 ауылда жаңадан әкім сайланады. Бұл туралы Президенттің Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды. Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды» деп жазды Ерлан Қарин.
Үміткерлердің 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы өзін-өзі ұсынушылар.
«Сондай-ақ сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармаған. Бұл - ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкім сайланады. Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары