Талдықорғандағы авиациялық базада әскери қызметші қайтыс болды

Талдықорғандағы авиациялық базада әскери қызметші қайтыс болды

Талдықорғандағы авиациялық базада әскери қызметші қайтыс болды
ашық дереккөзі
50256
Талдықорғанның авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті.
«Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.
Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары