Шәмші Қалдаяқов «Халық әртісі» атағын неге көңілсіз қабылдады? (ВИДЕО)

Шәмші Қалдаяқов «Халық әртісі» атағын неге көңілсіз қабылдады? (ВИДЕО)

Шәмші Қалдаяқов «Халық әртісі» атағын неге көңілсіз қабылдады? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
51235
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі «Сұрауы бар» YouTube арнасына Шәмші Қалдаяқов туралы естелігін айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Президент 1991 жылы 19 желтоқсанда Шәмші Қалдаяқовқа «Халық әртісі» атағын бергенде композитор көңілсіз қабылдаған. «Шәкең ол кезде ауруханада жатқан. Төсбелгі мен кәулікті Президенттің көмекшісі Иманғали Тасмағамбетов алып келді. Кеудесіне төсбелгісін тағып, куәлігін бергенде, Шәкең көңілсіз отырды. Имекең «Шәке, бүгін қуанышты хабар. Үш күн бұрын Тәуелсіздік алдық, енді міне, сіз бүгін «Халық әртісін» алдыңыз. Неге көңілсізсіз?» деп сұрады. Шәмші: «Әй, Иманғали балам, мына Нұрсұлтан ініме рахмет, өнерімді кеш те болса бағалап жатқанына! Бірақ ауруханада жатырмын ғой. Жақсылап тойлап берер едім, дастарқан жаюым керек еді. Осы атақты ертерек берсе, өкіметтің темірі мен қағазы таусылып қалмас еді ғой», - деді. «Халық әртісі» деген атақ ауруханада тегін емделуге мүмкіндік береді. Ал Шәкең тегін емделуге де мүмкіндік ала алмады», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от СҰРАУЫ БАР (@surauybar)

Серіктес жаңалықтары