Қарағандыда сәбилі әйелдің үстіне автобус терезесі құлап кетті

Қарағандыда сәбилі әйелдің үстіне автобус терезесі құлап кетті

Қарағандыда сәбилі әйелдің үстіне автобус терезесі құлап кетті
ашық дереккөзі
50479
16 тамызда 21 жастағы қарағандылық пен оның бір айлық қызының үстіне автобустың терезесі құлады, деп хабарлады turkystan.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. Әйел №5 автобуспен Майқұдықтан Оңтүстік-шығысқа қарай бара жатқан. Оқиға Достық үйі ауданында болды. Тұрғынның айтуынша, терезе еш себепсіз сынған: жол апаты болмаған, ешкім тас  лақтырмаған. Ол жолаушының басына құлаған. Қуанышқа орай, сәбидің беті жабық болып, аман қалған. Ал әйел қолын жарақаттады.
«Қызыммен бірге терезенің алдында отырған едім. Баланың беті жабық болғаны жақсы болды. Оның бетіне шыны сынықтары құлайтын еді. Жамылғысы сынықтарға толып қалды. Басымнан да қаншамасын алдым», - деді зардап шеккен әйел.
№ 3 автопаркі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары