227 адам эвакуациялануда: Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр

227 адам эвакуациялануда: Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр

227 адам эвакуациялануда: Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
50482
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасының өртенуіне байланысты апатты жою жоспары енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. «КӘАҚҚ» РО қызметкерлері жұмыс істеуде.
«17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға «КӘАҚҚ» РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қапталы арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 65 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша «КӘАҚҚ» РШМ (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді», – делінген жедел хабарламада.
Сонымен қатар КӘАҚҚ және ТЖД күштері қосымша жолданды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Серіктес жаңалықтары