Биыл қанша мектеп пайдалануға берілді?

Биыл қанша мектеп пайдалануға берілді?

Биыл қанша мектеп пайдалануға берілді?
ашық дереккөзі
50271
2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп, сондай-ақ 1458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілді, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде 12 мектеп пен мектепке дейінгі 14 мекеме ауылды жерлерде орналасқан. Айта кетсек, 6 мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген.
«Жоғарыда аталған уақыт аралығында пайдалануға берілген жалпы білім беретін мектептердің көпшілігі Түркістан облысында – 11, Жетісу облысында – 3, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында 2 мектептен. Астана қаласы және Ақтөбе облысында бір-бірден», - делінген хабарламада.
Салыстырып өтсек, былтырғы алғашқы жеті ай ішінде 3 000 орындық жалпы білім беретін 13 мектеп пен 1600 орындық мектепке дейінгі 13 мекеме пайдалануға берілген.

Серіктес жаңалықтары