Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты
ашық дереккөзі
50351
Жетісуда жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, жол апаты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан - Матай автожолында болған. Оқиғада жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігі соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды. Ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары