АҚШ чемпионатында алтын алған Әнуар

Бір апта бұрын Әнуар Ақчурин Американың Сарасота қаласында ескек есуден өткен АҚШ чемпионатында 4 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені иеленді. Бір жарыста Токио Олимпиадасының чемпионына ғана есе жіберген ол қоржынындағы бір күмісті алтын жүлдеге теңейді. АҚШ чемпионатына осымен үшінші жыл қатарынан қатысқан 23 жастағы Әнуар – кезінде Қазақстан жастар құрамасында жасындай жарқыраған мықты атлет. Азия Кубогінің жеңімпазы, екі дүркін Азия чемпионы, жастар арасында әлемнің вице-чемпионы секілді дардай атағы бар. Алайда, жастайынан білімсіз күні жоқ екенін жете түсінген жас спортшы бес жыл бұрын білімін жетілдіру үшін АҚШ-қа қоныс аударған. Спорттан бөлек, Флорида технология университетінде білімін жетілдіріп, қосымша жұмыс істеп жүрген Әнуарға хабарласып, әңгімелескен едік.

АҚШ чемпионатында алтын алған Әнуар
ашық дереккөзі
51470

– Жастайынан ескек есу секілді ерек­ше спорт түрімен айналысқан спортшы спорттан өзге нәрсені қаламайтын болар деп ойласам, қателесіппін. Оқуды спорт мектебінде емес, физика-математика ба­ғытындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінде жалғастырамын деп өзің шешім қабылдадың ба әлде ата-анаң қолқалады ма?

– Мен инженерлер отбасында тәрбие­ле­ніп-өстім. Атам Әнуар Ақчурин – КСРО-ның ең­бек сіңірген академигі, профессор. Әкем – ин­женер-механик, ғылым кандидаты. Осын­дай отбасылық династияны жалғастыру үшін мен де осы салаға бет бұруды жөн санадым. Одан бөлек, бала күнімнен математика мен фи­зика пәндеріне ықыласым ерекше болды. Жал­пы, математика кез келген салада қаже­тіңе жарайды. Байқамаймыз, бірақ адам өмі­рінде үлкен рөл ойнайтын ғылым. Сондықтан бұл ғылымға қызықпау мүмкін емес.  width=– Ал ескек есу спортына қалай келдің? Ас­танада «Толқын» спорт кешенінің маңайын­дағы каналда жаттығып жүрген ес­кекшілер септігін тигізді ме? – Астанадағы «Толқын» спорт кешенінде жұ­мыс істейтін бапкерлер маңайда орналас­қан мектептерге түрлі хабарландыру тарата­тын. Бірде әкем сондай бір хабарландыруды көріп қалып, үйге келген соң маған ескек есу секциясына тегін іріктеу жүргізілетінін айт­ты. Ескек есуден еш хабарым жоқ мен бұл спорт­қа қызығып, ертесі сонда бардым. Ол кез­де бұл спорт академиялық есу, байдаркада есу және каноэде есу болып түр-түрге бөлі­не­тінін де білмеймін. Бір қайық, екі ескек. Тиі­сін­ше бір ғана спорт түрі шығар деп ойладым. Әрі ондағы мамандар да «Қай түрімен айна­лыс­пақсың?» деп сұрамады. Тек бір бапкер өтіп бара жатып, «Менің сабағыма қатыс» деп өз секциясына шақырды. Осылайша, мен каноэде есу спортына аяқ бастым. Дегенмен сіз айтқан канал маңынан өткендердің түгелі сонда жаттығып жүрген есушілердің өнеріне тәнті болатыны анық. Сондықтан мұның да бір әсері бар. Өйткені ескек есу – біз үшін тың нәр­се. Мен сізге одан да зорын айтайын. Ескек есу – елдегі көпшілік қызығатын бокс және күрес­пен салыстырғанда жаңа спорт түрі. Соң­ғы екі спорт түрі ежелгі Грекиядан бастау ал­ған ғой. Ал ескек есу спорты 1936 жылы Бер­линде өткен Олимпиада ойындарында ға­на бағдарламаға енгізілген. Мұның спорт тү­рі ретінде мойындалғанына бір ғасыр да болған жоқ. Жылдан-жылға қарқындап, дамып келе жатқан спорт. Әлем жанкүйерлері бұған қатты қызығады. Негізі, мен бұл спорт­ты бірден ұнаттым. Мұның пайдасы туралы сағат­тап айтуға бармын. Ескек есу тек бұл-шы­қ­етке әсер етпейді, баланың жалпы да­муына зор ықпалын тигізеді. Шыдамдылы­ғың­ды шың­дайды.

– Спортсүйер қауым ескек есу бір са­рын­ды емес, тартысқа толы айрықша спорт екенін айтады.

– Айрықша спорт екені рас. Ауа райының құбылуына байланысты, мұнда барлығы үнемі адамға байланысты болмайды. 2000 жылы Сидней Олимпиадасының соңғы жарыс күнінде қатты жел көтеріліп, ескек есу сайысы өтпейтін болып келісілген еді. Алайда, Олимпиаданың соңғы күні болғандықтан, ол сайыс ақыры өткізіліп, ең мықты деген чем­пиондардың өзі желге қарсы есуден қиналған. Ағысқа қарсы жүзсеңіз, қашықтық да ұлғая түседі ғой. Сондықтан оңай емес. Біз қай жа­рысқа барсақ та, ауа райына бағынамыз. Кей­­­де жел арқаңнан соқса, жарысу оңайға соға­ды. Ал кейбір кездері жел саған қарсы соғады. Тіпті, кейде бүйіріңнен еседі. Әсіресе, ка­ноэ­­де есу кезінде жел соқса, концентрацияң­ды жоғалтып алу қаупі бар. Дегенмен кәсіби­лер мұндай кедергілерді тез еңсереді. Орта жол­да жел соқса, амал-айласын «ауыстырып», мәреге тез арада жеткізетін тәсілдерін қолда­на­ды. Мұның бәрі уақытымен келеді.  width=– Қазақстан жастар құрамасы сапын­да иеленген жүлделі орындарыңды са­нау­ға саусақ жетпейді. Екі дүркін Азия чем­пионы, жастар арасындағы әлем чем­­­пионатының күміс жүлдегері деген атағың бар. Жеңістен жеңіс, жүлдеден жүл­де қалдырмай жүрген сенде ересек­тер құрамасына өтіп, Олимпиадаға ірік­те­лемін дегеннен гөрі шетелде білімімді же­тілдіремін деген амбиция басым бол­ды ма? Әлде сені ешкім ұстап қалмады ма? Неліктен АҚШ-қа қоныс аударуды ұй­ғардың?

– Елде әрі оқуға, әрі жаттығуға баса көңіл бөл­гендіктен, бапкерлер болашағым туралы ме­німен риясыз әңгіме айтуға тырыспаған се­кіл­ді. Бұл – менің өз ойым. «Тыңда. Сен жақ­сы нәтижелер көрсетіп жүрсің. Әлем чем­пио­натында вице-чемпион атандың. Осы қар­қында жалғастыра бер» деп ешкім тіс жар­мады. «Тіпті, Олимпиаданы көздейік» деп те ешкім айтпады. Дегенмен мен әлі де Олим­пиада ойындарында өнер көрсетуді ойлап жүр­генімді жасырмаймын. Келесі жылы Па­риж­де өтетін емес, 2028 жылы Лос-Анджелес қа­ласында ұйымдастырылатын Олимпиада ойын­дарында ел намысын қорғағым келеді. Қа­зір мен өз бабымды жоғалтпау үшін тың­ғы­лықты жаттығып жүрмін. Жергілікті рега­та­ларға қатысамын. Кейде әлем чемпио­нат­тары­на барамын. Дегенмен оқу, жұмыс ба­бы­на байланысты онда бақ сынауға мүмкіндік бо­ла бермейді.

– Жасың 23-те. Қаласаң, екі-үш Олим­пиа­даға қатысуға мүмкіндік бар ғой.

– Әлбетте, мен де әлі мүмкіндік бар. Тек бі­ле­сіз бе, маған ол үшін демеушілер қажет. Қа­зақстанда атлеттер қолдаудан кенде емес. Үкі­мет көп көмек көрсетеді. Ал мұнда бас­қа­ша. Өзің демеуші іздеуге тиіссің. Демеушің бол­са, жұмысты, нәпақа табуды ойламай, емін-еркін жаттығуға болар еді. Сол кезде көп­шілік армандап жүрген мақсатқа қол жет­кізер­мін, бәлкім. Біздегі басты мәселе – Қа­зақ­станда ескек есуден Олимпиада чемпионы жоқ. Егер мені біреу қаржылай қолдап отырса, Олимпиада төрінде атой салу үшін төрт жыл өмі­рімді сарп етуге дайынмын. Ал оқуды не­ліктен таңдағанымды сөз етер болсам, қанша жер­ден спортпен «ауырсаң» да, бәрібір білім­сіз күнің қараң. «Тек, спорт, спорт. Басқа еш­теңе қажет емес» деп тек спортқа көңіл бөлу дұрыс емес. Еуропалық спортшыларды алып қара­саңыз, олар спортта да алдыңғы шепте әрі қосымша мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Олимпиада аралығында төрт жыл тек шы­нығып қоймай, көкжиегіңді кеңейтіп, са­наңа салмақ түсіретін рухани азық болуға тиіс. Ал сен бұл азықты білімнен, ізденістен ғана таба аласың.  width=– Бұл пікіріңмен келісемін. Біздің кей­бір спортшылар спорттан қол үзіп қалған соң, өмірден түңіліп кетеді. Өздерін керексіз сезінеді. Ал енді бірі «Олимпиадаға қатыспайынша оқу туралы мүлде ойланбаймын» деп үзілді-кесілді білімін жетілдіргісі келмей, спортты бәрінен биік қояды.

– Бұл – ойландыратын мәселе. Спортшы бі­­­лімін молайтуды әсте естен шығармауға тиіс. Мен ескек есу спортын айрықша ұна­та­мын, дегенмен басқа саланың қыр-сырын мең­геруді оқушы кезімнен көздедім. Сөйтіп, Фло­рида технология университетінің инже­нер-механик мамандығына оқуға түстім. Басын­да бұл аймақта NASA, Blue Origin секілді аэроғарыш және ірі әскери-өндірістік ком­па­ниялар орналасқанын білмедім. Мұның маңы­зын енді түсініп жатырмын. Негізінен, бұл оқу орынды таңдауыма екі себеп бар. Мұн­­да мен ұтып алған грант бағдарламасы бойын­­ша қомақты шәкіртақы төленеді. Екін­шіден, ескек есуден әлем бойынша көшбасшы құра­­ма саналатын неміс командасы жыл сайын осы аймаққа келіп, жаттығу жұмыс­та­рын өткізеді. Мен сол кезде «Ешкімге дес бер­мейтін немістер қалай жаттығады екен? Ал олармен бірге жаттығуға бола ма екен?» деп қатты қызығатынмын. Аллаға шүкір, осын­да олармен бірлесіп жаттығып, көп нәр­сені үйрендім. Жалпы, мұнда оқу бітірген соң екі жыл жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Қазір ги­дравлика саласында инженер болып жұмыс істеймін. Оған қоса, магистрантпын. Универ­си­тетте геодезиялық тестілеулер жүргізіп, қосым­ша зертханада тағы жұмыс істеймін. Мұ­ның бәрі мен үшін тың нәрсе, сондықтан оқу барысындағы, жұмыстағы процестерге қы­зыға қараймын. Дегенмен бәрібір Олим­пиада ойындарында Көк байрағымызды жел­бірету арманым қол бұлғап тұрады. Мен «Олим­пиадаға дәл қазір дайындал» десе, бас тартатын едім. Өйткені бұл – үлкен жауап­кер­шілік. Әлем көз алмай қарайтын байрақты бәсе­кеде лайықты өнер көрсетіп, елімді абы­рой­мен таныстырғым келеді. Содан соң Қа­зақ­станда көпшілік бокс, ауыр атлетика, күрес­ті қалай аузынан тастамай айтса, ескек есуді де дәл сондай деңгейге жеткізгім келеді.  width=– Бокс, ауыр атлетика, күрестің кө­лең­кесінде болған суда жүзу спортынан Баландин жарқ етіп, Олимпиада жеңім­пазы атанды ғой. Сол секілді арамыздан ескек есуден де бір емес, бірнеше Олим­пиада чемпионы шығады, сол чем­пион­дардың қатарынан сені де көретін бо­ла­мыз деп сенеміз.

– Бұйырса! Шынымен Баландиннің сол жеңі­сінен кейін елімізде балаларын жүзу үйір­месіне бергендердің қатары күрт көбейді ғой, есіңізде ме? Қараңызшы, бір қадам, бір ме­даль қандай өзгеріс алып келеді?! Бір шеті­­нен Лос-Анджелес Олимпиадасына да сол үшін барғым келеді. Бізге де Баландин секілді не­ге жарқ етпеске?!

– Үш жыл қатарынан АҚШ чемпио­на­тына қатысып, үшеуінде де жеңіс т­ұғы­рына көтерілдің. Биыл тіпті Олим­пиада чемпионына ғана жол беріп, алты бірдей жүлдені қоржыныңа салдың. – Негізі, мен 2019 жылы Қазақстан чем­пио­натына қатысқанмын. Алайда, Амери­ка­дан келіп қатысу оңай емес. Қыруар қаржыны талап етеді. Сол кезде бапкерлерім қолдау біл­діріп, көмектесті, бірақ олар маған үнемі құны қымбат билетті алып бере бермейді ғой. Содан соң әлемді пандемия жайлады. Сөйтіп, мен ұлттық құрама сапына іліге алмадым. Сөйтіп, ойлана келе АҚШ чемпионатында бағымды сынап көрейін дедім. Алғаш рет 2021 жылы қатысып, 1 алтын жүлде иелендім. 2022 жылы 2 алтын медаль жеңіп алдым. Ал биыл командамен 4 алтын, жекелей сында бір күміс және бір қола жүлде иелендім. Бір айта кетерлігі, әлгі күміс жүлде мен үшін алтынмен пара-пар. Себебі ол сайыста мәреге Токио Олимпиадасында чемпион атанған атлеттен мил­лисекундқа ғана кеш жетіп, екінші орын­ды місе тұттым. Мен мұнда жарыстарға Washington Canoe Club-тың атынан қатыса­мын. Клубтағылар мені ағылшынша engine, яғни двигатель/қозғалтқыш деп атайды. Олар маған үлкен сенім артады. Дегенмен жарыс­тарда жауапкершілік екі есеге күшейеді. Се­бе­бі мен онда тек ол клубты емес, Қазақстан есу мектебін таныстырамын. Қазақстандағы бапкерлер менің іргетасымды «қалап», есу техникасын қойып берді. «Мынау әлсіз екен ғой. Орта жолдан қайтып кетті. Мәреге жет­педі» деген ауыр сөз естірткім келмейді. Сон­дықтан бәріне мұқият қараймын. Күніне бір рет жаттықсам да, режимді жіті қадағалаймын. Бір жаттығу көмектеспейді. Ол үшін режимің тұрмыс салтыңа айналуға тиіс.  width=– Бапкер демекші, бір сұхбатыңда Аме­рикада алғашында бапкерсіз жат­тық­қаныңды айтқан едің. Қазір де бап­керің жоқ па? – Иә. Өзімді өзім жаттықтырамын (күліп). Әдеп­кіде бапкерім жоқ болғандықтан, өзімді жаттығу жұмыстарына қатысуға мәжбүрлеу қатты қиын болды. Сосын өз-өзіме «Ақыры бап­керің жоқ, онда темірдей тәртіп орнат» дедім. Жаттығу каналына барғанда қайық пен ескектен басқа ешкімің жоқ. Әрі көмекші құралың – сағат бар. Мұндай сәттерде техни­камен дос болып, жылдамдық пен уақытты өзің бақылап, өз-өзіңді камераға түсіріп, қалайша өз-өзіңді жаттықтырып жүргеніңді түсінбей де қаласың. Бір сөзбен айтсам, бас­тап­қыда жаттығу процесіне инженер секілді қарап, өз-өзімді ынталандырумен болдым. Құдайға шүкір, спорт табыстырған достарым жетерлік. Сондай достарымның бірі Әлем кубогінің жеңімпазы, Рио-де-Жанейро Олим­пиадасында Қазақстан атынан сынға түскен – Тимур Хайдаров. Бір күні «Тимур, маған кө­мектесе аласың ба? Мына видеоны қарап, тал­дау жасап берші?» деп өтінген едім. Ол кө­ме­гін аямай, бар ақылын айтып, соңында «Мен саған жаттығу жоспарын әзірлеуге кө­мек­тессем қайтеді?» деп төбемді көкке бір-ақ жеткізді. Мен онымен әлі күнге дейін ақыл­дасамын. Тек сенбі және демалыс күні ғана бір-бірімізден «демаламыз» (күліп). Жатты­ғу­д­ан келе сала оған хабарлама жіберу әдетке айналып кетті. Қазақстанда тұратын ол уақыт айыр­машылығына қарамастан таңертең ұйқы­дан тұрған соң маған жауап беріп, ақыл-кеңе­сін «төгіп» салады. Негізі, Тимурдан бөлек, Қазақстан құрамасында бірге өнер көрсеткен әріптестеріммен де ара-қатынасымыз жақсы. Әлі күнге дейін араласамын. Видео түсіріп, той­ларына құттықтау жіберемін. Мұндай ұлт­тық құрамада жаттыққан мен өзімді ба­қытты жан санаймын. Командаластар ара­сын­дағы бауырмалдықты сөзбен сипаттай алмай­мын. Тіпті, мектептегі достарымнан мұн­дай қолдау сезінбеймін. Ал ұлттық құра­ма­дағылардың қолдауы ерекше.  width=– АҚШ чемпионатына қатысқан кез­де қарсыластарыңызға «Қазақстан» шо­колады мен ұлттық рәміздер бейнеленген киімдер таратады екенсіз. – Дәл солай. Мен мұны дәстүрге айнал­дыр­дым. Берген сый-сияпатымды қуана-қуа­на қабылдайды. Олардың реакциясы маған да қызық. Биыл олар менен «Қазақша қалай аман­дасса болады?» деп сұрады. Жарыс кезін­де «Сәлем, қалайсың?» дегенді акцентпен ай­та­ды, бірақ солай айтқандары жүрегіме жылы тиеді. Олар менен Қазақстан туралы көп сұ­рай­ды. Әсіресе, «Байқоңыр» ғарыш айлағы ту­­­ралы көп дерек біледі. Әскери және аэро­ғарыш саласында еңбек ететіндер елге іс­сапармен барғандықтан, Қазақстан туралы бі­леді. Сонда да тағы біле түссін деп айна­лам­дағыларға үнемі шоколад сыйлаймын. Washington Canoe Club-та бірге өнер көрсететін ко­­­мандаластарыма да таратамын. Тарату ке­рек емес, қажет деп есептеймін. Өйткені сені олар белгілі бір ұлттың өкілі ретінде танып, еліңе, жеріңе қызыға қарайды. Жалпы, шет­ел­де тұратын қазақтардың мойнында ауыр жүк әрі үлкен жауапкершілік бар. Мұны кей­бірі сезінсе, ал енді бірі пысқырмайды. Аме­ри­када қазақтар көп емес. Америкалықтар біз­ді жаңа ұлт деп санайды. Қазақстаннан еке­німізді білсе, бар білгенін сұрап, білмегенін анық­тап, қызығушылық танытады. Біз мұнда кі­шігірім Сыртқы істер министрлігі іспеттіміз ғой. Біз – ұлтымыздың айнасымыз. Бізді кейде «-стан» жалғауына бола, Ауғанстан, Пәкістан елдерімен шатастырады. Сондықтан аме­ри­калықтар бізбен сөйлескенде сескенбей, қай­та құшағын кең жайып, жылы қабақ та­ны­татындай әсер қалдыруға тиіспіз.  width= – Сұхбат басталғалы бері «ұлттық құра­­­ма», «Қазақстан», «Қазақстан есу мек­тебі», «Қазақстандағы бапкерлерім» де­ген­ді көп рет айттың. Қызыл-жасылды Америка Құрама Штаттарында жүрсең де, Қазақстанды сағынып жүргенің се­зіледі.

– Америкалықтар өзара «Түп-тамырыңды ұмыт­па» дегенді жиі айтады. Сол секілді біздің үлкендер де «Шыққан тегіңді ұмытпа» деп үнемі айтып отырады ғой. Мен америкалық емес­пін. Өзгелерді несіне алдаймын? Өтірік оқи­ға құрастырғаннан не пайда? Мен Қазақ­станда туып-өскеніме өте қуаныштымын. Бағым жанып, жақсы ортаға түсіп, Үкімет үнемі қолдайтын спорт түріне қызықтым. Кере­мет мектептен өттім, отбасымдай болған ко­мандаластарымнан қолдау көрдім. Ал мұның бәрін берген Қазақстанға қайдан өк­пем болсын?! Басыма мұндай бақ берген Қа­зақ­стан туралы үнемі неге жақсы сөз айт­пасқа?! Әлем қызыға қарайтын еліммен неге мақтанбасқа?! Мен шетелдіктерге өз үйімді үнемі өте әдемі етіп сипаттауға тырысамын. Мысалы, Америкада тұратын африкалық өз туған жерін аузының суы құрығанша мақтаса, мен оны құрметтеймін. Себебі ол ертең басқа ұлт­тар туралы жаман сөз айтпайды. Осылай­ша, ол өзінің де, өзгенің де Отанын құрмет­тейді. Тағы қайталап айтамын, мен ескек есу спор­тын қатты жақсы көремін. Жастар құра­ма­сында өнер көрсеткеніме айрықша қуа­на­мын. Екі ел арасындағы уақыт айыр­ма­шылығына бола, күн сайын араласпасам да, олар менің көңілімде. Дегенмен жоғарыда айт­қанымдай мереке кезінде оларға жылы ле­бізімді білдіріп, ағынан жарылу мен үшін маңыз­ды. Осылайша, мен жастар құрама­сын­дағы жарқын сәттерімді еске аламын. Әрі бұл мені алға қарыштауға, «Қазақстанның азамат­тары осал емес» деп айтқызуға желпіндіреді.

– Әңгімеңе рахмет! Ойлағаның іске ассын!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары