Жиенін ұрған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты

Жиенін ұрған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты

Жиенін ұрған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
50238
Елордада балабақшаға барғысы келмеген жиенін сабаған бойжеткен ісі бойынша сот қаулысы шықты. Қос тараптың ымыраға келуі себепті іс тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«2023 жылғы 17 тамызда Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша А.-ға қатысты істі қарады. Сот А. кәмелетке толмаған Ж.-ның әпкесі екенін, жиенінің балабақшаға барғысы келмегені үшін күш қолданғанын, бірақ денсаулығына аса зиян келтірмегенін анықтады. Оның кінәсі мойындау айғақтарымен, заңды өкілдің түсіндірмелерімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және істің басқа материалдарымен дәлелденген. А.-ның баланың ата-анасымен татуласуына байланысты және ата-ана өтінішімен іс тоқтатылды», - деп жазылған қалалық соттың ресми сайтында.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары