«Айлық табысым – 15 миллион»: 19 жастағы жігіт үй жинап, үйіп ақша тауып жүр

«Айлық табысым – 15 миллион»: 19 жастағы жігіт үй жинап, үйіп ақша тауып жүр

«Айлық табысым – 15 миллион»: 19 жастағы жігіт үй жинап, үйіп ақша тауып жүр
ашық дереккөзі
50550
Соңғы жылдары елімізде клининг қыз­меті кеңінен таралып, табысты бизнестің түрі­не айналды. Нұрхан Нұрмаханбетов жо­ғары оқу орнында IT мамандығы бойын­ша білім алған. Бірақ оқуынан бос уақытта қо­сымша табыс табуды жөн көрген жас кә­сіп­кер бүгінде жеке клининг компания­сын ашқан. Ол бұл туралы aikyn.kz басылымына айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
 «Студент кезімде Тараз қаласындағы қы­мызханада да жұмыс істедім. Ал 2018 жы­лы Алматы қаласындағы бір клининг ком­панияға жұмысшы болып кірдім. Са­бақ­тан бөлек, 3 ай демалысымда сол жерде 3 жыл жұмыс істедім. Сол кезде клининг қыз­метіне деген халықтың сұранысының ар­тып келе жатқанын көріп, «неге жеке ком­пания ашпасқа?» деген ой келді. Бір жа­ғынан, тазалықты жаным сүйеді. Екінші жағынан, бақ пен береке тазалық болған жерде болады. Қазір командамда 100-120 қыз­меткер бар. Клининг саласындағы білі­мімді жетілдіру үшін 2020 жылы Ресейден қо­сы­мша білім де алдым. Кейін коман­дам­дағы қызметкерлерді де сол жақта білім алу­ға жібердім. Себебі үй тазалау үшін де кә­сіби білім керек. Клининг қызметін аша­мын деген адам ең бірінші жанына сенімді, ең­бекқор команда жинай алуы тиіс. Сосын тап­сырыс берушілермен тығыз қарым-қа­тынас орнатуы қажет. Мен командаға апта сайын тренинг өткіземін. Бір үйді тазалауға 6-7 сағат кетеді», – дейді Нұрхан Нұрмахан­бетов.
Кейіпкеріміздің айтуынша, пәтер, кең­се тазалауға тапсырыс берушілер гипоал­лер­генді заттардың болғанын қалайды. Үй жануарларын асыраушылар арнайы иіс ке­тіретін, тазартатын құралдарға тапсырыс бере­ді. Сонымен қатар мамандарды оқы­тып, қай жұмысқа қандай химиялық затты пай­далануды білетіндей деңгейге жеткізу – та­быс­ты бизнестің көзі. Клинер тапсырыс түрі­не қарай қолданылатын құралдарды өзі біліп, таңдап, орынды істей алатын дәре­жеге жетуі керек.  width=
«Бір өкініштісі, елімізде үй тазалауға ар­налған кәсіби аппараттар жоқ. Сон­дық­тан біз керекті құрал-саймандарымызды, жуа­тын кәсіби қоспаларымыздың барлы­ғын Германиядан алдырамыз. Көп жағдайда адамдар үйлерін толыққанды тазаламайды. Негізі, біз істеп жүрген қызметті үйде де жа­сай алады. Бірақ олар дәл біз сияқты үй­дің қуыс-қуысын, қай жерде микроб­тар­дың көп жиналатынын аңғармайды. Сон­дықтан оқырмандарға айтар кеңесім – азық-түлік сақтайтын орындарды, мик­ро­толқынды пештің ішін, аспалы шамдар мен түсқағаздарды да ерінбей тазалау керек», – дейді Нұрхан Нұрмаханбетов.
Клининг саласындағы кәсіби жуғыш құралдардың барлығы – шетелдік өнім. Бұл кә­сіпті бастауға кір сабын мен қарапайым дезинфекциялық құралдар жарамайды. Үй­дегі әр заттың өзіне тән жуғыш құралы бо­лады.
«Күніне бізге 20-30 тапсырыс түседі. Ай­лық табысым 15 миллионнан кем емес. Қа­зір үлкен қалаларда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Үй көбейген сайын біздің клининг қызметіне деген сұра­ныс та артып келеді. Көбіне азаматтар бос уақытын үй жинауға жұмсағанша, пайдалы іспен айналысуды таңдайды. Сол кезде кли­нинг қызметін шақырады», – дейді жас кәсіпкер.
Әлеуметтік желі қолданушылары «жігіт болып үй тазалағаннан ұялмайсың ба?» деп Нұрханды жиі сынайды. Бірақ кейіпкеріміз адал еңбек етуден ұялмайтынын айтты.
«Қазір жұмыс істеймін деген жастарға мүм­кіндік көп. Мен біреудің ала жібін атта­сам, үйде жұмыссыз қол қусырып отырсам, ұя­лар едім. Бірақ үй тазалағаннан еш ұял­май­мын. Осы кәсібімнің арқасында бауыр­ларыма үлгі болып жүрмін. Еден жуып жүріп, анамды қажылыққа апарып келдім. Баспаналы болдым», – дейді клининг ком­па­ния жетекшісі Нұрхан Нұрмаханбетов.
 

Серіктес жаңалықтары