Қазақстандық мерген Париж Олимпиадасына лицензия алды

Қазақстандық мерген Париж Олимпиадасына лицензия алды

Қазақстандық мерген Париж Олимпиадасына лицензия алды
ашық дереккөзі
50275

Қазақстандық мерген Ислам Сәтбаев 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем біріншілігінің 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен оқ ату сайысында 206,5 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Осылайша, ол 2024 жылы Франция астанасында өтетін төрт жылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алды.

Бұл - нысана көздеуден ұлттық құраманың алғашқы Олимпиада лицензиясы.

Серіктес жаңалықтары