Байден Орталық Азия басшыларын АҚШ-тағы саммитке шақырды

Байден Орталық Азия басшыларын АҚШ-тағы саммитке шақырды

Байден Орталық Азия басшыларын АҚШ-тағы саммитке шақырды
ашық дереккөзі
50554
АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен C5+1 форматында алғашқы саммит өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Бұл туралы Д.Байденнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвке жіберілген хатында айтылған.
"БҰҰ Бас ассамблеясының алдағы сессиясын тағатсыздана күтіп жүрмін, онда біз халықтарымыз өміріндегі анағұрлым маңызды түйіткілдер бойынша прогреске жететін боламыз", - делінген Uzdaily жариялаған Америка президентінің хатында.
«C5+1» — бұл шешімдер қабылдауға арналған өңірлік платформа. «Плюс» белгісі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан үшін арналған. ОА мен АҚШ басшыларының (СА5+1) кездесуі БҰҰ Бас ассамблеясы аясында 19 немесе 20 қыркүйекте өтетіні жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары